ТҚК-нен "Атыс еркін - 2020" әскери қабілетті арттыру іс-шарасы

«Атыс еркін – 2020» әскери іс-шаралары шеңберінде отандық көліктер мен қарулар нысандар дәлдеп жойды.

1514006
ТҚК-нен "Атыс еркін - 2020" әскери қабілетті арттыру іс-шарасы

«Атыс еркін - 2020» іс-шаралары шеңберінде Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар, Бас штаб басқармасы төрағасы генерал Яшар Гүлер, қолбасшылар мен басқа да лауазымдылар бас қала Анкарадан қадағалаған Полатлыдағы генерал Нахит Шеноғул әскери жаттығу аймағындағы атқылау іс-шаралары табысты өтті.

Түрік Қарулы күштері жоғары атыс күшін көрсете отырып, бас тартқызуды қамтамасыз ету және өзара атыс координациясын жетілдіру мақсатты жүзеге асырылған жаттығуға Құрлық, теңіз және әуе күштеріне қоса Арнайы күштер қолбасшылығына қарасты мың 96 қызметкер қатысты.

Түрік Қарулы күштері қорына қосылған отандық 4 қару жүйесі де алғаш рет қолданылып, әскери іс-шарада 37 қару жүйесімен нысаналар дәлдеп жойылды.

«Атыс еркін - 2020» жаттығуы жұмыстары араларында отандық мүмкіншіліктермен өндірілген «фортуна» гаубицалары, «Қорқут» әуе қорғаныс жүйесі, ұлттық автоматтар да бар соғыс көлік пен жабдықтарымен нысаналар атқыланды.



Ұқсас жаңалықтар