Террор ұйымы PKK-лық 4 террорист ұсталды

Диярбакыр және Стамбулда террор операциясы жасалды.

1512018
Террор ұйымы PKK-лық 4 террорист ұсталды

Шабуыл үшін жаттықтырған бөлшектеуші террор ұйымы PKK мүшесі 4 террорист жандармерияның Диярбакыр және Стамбулда операциясымен ұсталды.

Диярбаыр Қалалық жандармерия қолбасшылығы террор ұйымының тау кадрларына 2013 жылы қосылған Мазлум Серхат лақапты İ.K, Тайхан Умут Чектар лақапты M.S, Махир Амед лақапты R.S және Арменч Хебаткар лақапты M.T-нің ауылдық алаңда жарылғыш материалдармен шабуыл мақсатты дайындық кезінде анықтады.

Стамбул мен Диярбакырда 16 қазан күні бірдей мезгілде жасалған операциямен ұсталған 4 күдікті жандармерия тергеуінің артынан сотқа жіберілді.

Террорист İ.K-ның Диярбакыр Мемлекеттік ауруханада анестезия техникі екені атап көрсетілді.

Террористердің ауылдық алаңда бомба, қару мен камераға қоса қауіпсіздік жүйелері саласында жаттықтырғаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар