Ердоған университет ғимаратының бетін ашты

Ердоған рәсімге қатысқан шетелдік қонақтарға "Елімізге қош келдіңіз!" деді.

1512071
Ердоған университет ғимаратының бетін ашты

Президент Режеп Тайып Ердоған бұрынғы және қазіргі барлық өркениеттердің байлығын қолданып, барлығынан асуға деген талпыныс, бел байлау және өндіру жігері болу керектігін айтты.

Ердоған Стамбұлда Ибн Халдун университеті ғимаратының беташар рәсіміндегі сөзінде ғимараттың қалаға, елге, ғылым мен ой-пікір әлеміне қайырлы болуын тіледі. 

Президент Режеп Тайып Ердоған студенттердің сабақта және басқа іс-шараларында қажетті еңбектер тұратын ғимараттың Мимар Синаннан шабыт алып жобаланғанын білдірді. Университеттің сапалы жетекшілерімен студенттердің тамаша бір ортада еліміздегі әлеуметтік ғылымдар саласында тың кезең жарататынына сенетінін атап айтты. 

Президент Режеп Тайып Ердоған рәсімге қатысқан шетелдік қонақтарға "Елімізге қош келдіңіз!" деді, студенттер мен мұғалімдерге табыс тіледі. 



Ұқсас жаңалықтар