Президент Ердоған СКТР президенті сайланған Татарды құттықтады

"СКТР президенті болып сайланған Эрсин Татарды өзім және Түрік ұлтының атынан құттықтаймын".

1511492
Президент Ердоған СКТР президенті сайланған Татарды құттықтады

Президент Режеп Тайып Ердоған «Солтүстік Кипр Түрік Республикасы президенті болып сайланған Эрсин Татарды өзім және Түрік ұлтының атынан құттықтаймын» деді.

Президент Ердоған Твиттерден СКТР-дағы сайлаумен байланысты хабарлама жасады. Ердоған құттықтауында Солтүстік Кипр Түрік Республикасы президенті болып сайланған құрметті Эрсин Татарды өзім және Түрік ұлтының атынан құттықтаймын. Түркия Кипр түрік халқының құқығын қорғау үшін қажетті барлық талпынысты ортаға қоюға дайын» деді.

Кейін Татарға телефон шалған Ердоған «Президенттік міндетке сайлануыңыз өзіңіз және СКТР халқы мен Кипр күресіміз үшін құтты болсын» деді.

Коммуникация басқармасы жасаған мәлімдемеге қарағанда президент Ердоған кездесуде Кипр түріктерінің демократиялық тәжірибесін тағы бір рет бүкіл әлемге дәлелдегенін атап көрсетті.

Президент Ердоған Түркия мен СКТР-ның келешекте Кипр мәселесінің шешіміне бағытталған талпыныстарын жалғастыратындарын да білдірді.

СКТР президенті болып сайланған Эрсин Татарды Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) төрағасы Мұстафа Шентоп, вице-президент Фуат Октай және оппозициялық Республикашыл Халық партиясы төрағасы Кемал Кылычтароғлу да Твиттер арқылы құттықтады.



Ұқсас жаңалықтар