Түркия Тәжікстанда өткен Президент сайлауына риза

Түркия Тажікстандағы  Президент сайлауының тыныш ортада тамамдалғанына қатты риза екенін білдірді.

1507406
Түркия Тәжікстанда өткен Президент сайлауына риза

Түркия Тажікстандағы  Президент сайлауының тыныш ортада тамамдалғанына қатты риза екенін білдірді. 

Сыртқы істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде "Тәжікстан Республикасында 11 қазанда өткізілген Президент сайлау нәтижесінің дос тәжік халқына жақсылық әкелуін тілейміз" деген сөздер қолданылды. 

Мәлімдемеде "Сайлаудың тыныш ортада тамамдалғанына қатты ризамыз. Түркия мен Тәжікстан арасындағы қарым-қатынастар барлық салада ортақ талпыныстарымызбен алдымыздағы кезеңде тіпті дамытатынымызға кәміл сенеміз" делінді. 

Тажікстанда Президент 7 жылдық мерзіммен сайланады. Тәжікстанда кеше өткізілген Президент сайлауының бейресми нәтижелері бойынша Эмомали Рахмон 90,92% дауыс жинады және 5-ші рет Президент болып сайланды.

Тәжікстан Республикасының Сайлау және референдум орталық комиссиясы төрағасы Бахтияр Худоерзаде  ұйымдастырған баспасөз жиналысында  4 миллион 221 мың сайлаушы дауыс берген сайлауда қатысушылар деңгейінің 85,39 пайыз болғанын жариялаған еді. 



Ұқсас жаңалықтар