"Оруч Реис" сейсмикалық кемесі Жерорта теңізіндегі қызметіне оралды

Энергия және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмез мәлімдеме жасады.

1507532
"Оруч Реис" сейсмикалық кемесі Жерорта теңізіндегі қызметіне оралды

Энергия және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмез «Орус Реис» сейсмикалық зерттеу кемесінің техникалық қызмет жұмыстарының аяқталғанын және Жерорта теңізінің рентгенін түсіру үшін жолға шыққанын білдірді.

Дөнмез Твиттер парақшасынан жасалған хабарламасында «Оруч Реис сейсмикалық зерттеу кемеміздің техникалық қызмет көрсету жұмыстары аяқталды. Кемеміз Жерорта теңізінің рентгенін түсіру үшін жолға шықты. Зерттеуді, бұрғылау жұмыстарын және құқығымызды қорғауды жалғастырамыз. Бар болса міндетті түрде табамыз» деді.

Әділет және даму партиясы мәлімдемешісі Өмер Челик те Твиттерден жасаған мәлімдемеде Энергия және табиғи ресурстар министрінің хабарламасын бөлісіп, «Жолың ашық болсын Оруч Реис. Жерорта теңізінен қуанышты хабарларын күтеміз. Ұлтымыздың құқығы мен мүдделерін қорғаймыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар