Ұлттық Қорғаныс министрі Италияда

Министр Акар Римде Түркияның Италиядағы өкілетті елшілігіне барды.

1505711
Ұлттық Қорғаныс министрі Италияда

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар «Түркия мен Италия арасындағы достық пен ынтымақтастықтың одан жоғары деңгейге жететініне сенемін» деді.

Хулуси Акар Түркияның Италиядағы өкілетті елшілігіне барды.

Министр Акар өкілетті елшілік естелік кітапшасына «... Түркия мен Италия аймақтық және жаһандық мәселелерге шешім іздеу тақырыбында ынтымақтасады. Екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықтың одан жоғары деңгейге жететініне сенемін. Италиядағы өкілетті елшілігіміздің жұмыстары да екі ел арасындағы ынтымақтастықты жетілдіруге үлкен үлес қосады. Осы себептен құрметті өкілетті елші Мұрат Салим Эсенли мен Италиядағы өкілетті елшілігіміздің қадірлі мүшелеріне алғысымды айта отырып, зор денсаулық пен табыс тілеймін» деді.

Хулуси Акар Италия Қорғаныс министрі Лорензо Гуерини мен де кездесті.

 Акар мен Гуерини әңгіме барысында қауіпсіздік тақырыптарына қоса, Ливия мен шығыс Жерорта теңізіндегі соңғы жаңалықтарды қолға алды.

Министр Акар Эгей мен шығыс Жерорта теңізінде Түркияның болымды және әділ ұстанымдарына қарамастан Грекияның провокация бастамаларының қызуды арттырғанына назар аударды.



Ұқсас жаңалықтар