"Атысты тоқтату егер оккупацияны жоймайтын болса, онда табыссыз болатыны анық"

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын Al Jazeera English телеарнасына сұхбат берді.

1506142
"Атысты тоқтату егер оккупацияны жоймайтын болса, онда табыссыз болатыны анық"

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын Әзербайжан мен Армения арасындағы бітімгерлік ықтималын жалғастыра алатын жалғыз нәрсенің Әзербайжан жеріндегі армян оккупациясының аяқталуы екенін мәлімдеді.

Мәлімдемеші Калын орталығы Катардағы Al Jazeera English телеарнасында күн тәртіппен байланысты сұрақтарға жауап қайтарды.

Мәлімдемеші Таулы Қарабах мәселесіне қатысты Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) Минск тобының Оңтүстік Кавказдағы бұл мәселені шешу бағытында негізінде көп нәрсе істегенін тілге тиек етті. Калын әзербайжандықтардың болса тек жаңа бір жол картасы іздегеніне назар аударды.

Калын «Атысты тоқтату мақұл, бірақ мұны жалғастыру үшін қажетті тек нәрсе Әзербайжан жеріндегі армян оккупациясын аяқтау туралы сөз қозғау» деді.

Ибрахим Калын Таулы Қарабахтың БҰҰ қарарлары бойынша Әзербайжан топырағы екенін атап көрсетті.

«Женеваға барған француз-орыс және американ (Минск үштігі) өкілдерінің бір жол картасы дайындау талпыныстарын қолдайсыз ма?» деп қойылған бір сұраққа Калын «Тек қана атысты тоқтату келісімі жасайтын болса, бұл соңғы 30 жылда жасалғандардың қайталануы деген мағынаға келеді. Атысты тоқтату егер оккупацияны жоймайтын болса, онда табыссыз болатыны анық» деді.

Оңтүстік Кавказдағы барлық адамзаттың қасіретті, айқасты және бұл қақтығыстарды шешкілері келгенін атап көрсеткен Калын «Дегенмен Минск тобы сенімді болғысы келсе, бұл заманда қақтығыстарды жою үшін кезкелген бір саяси және моральдық бедел талап ететін болса, оккупацияны да жою үшін маңызды бір жұмыс бастау керек» деді.



Ұқсас жаңалықтар