Министр Чавушоғлу Словакияда

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу «Братислава жаһандық қауіпсіздік форумына» қатысты.

1505294
Министр Чавушоғлу Словакияда
cavusoglu maas.jpg

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу биыл 15-ші рет ұйымдастырылған «Братислава жаһандық қауіпсіздік форумы» (GLOBSEC) үшін барған Словакияда Германия Сыртқы істер министрі Хайко Мааспен кездесті.

Чавушоғлу Словакияда сондай-ақ Грекия Сыртқы істер министрі Никос Дендиаспен де бас қосты. Екі министрі шығыс Жерорта теңізі дағдарысына қоса өзара және аймақтық мәселелерді қолға алды.

Министр Чавушоғлу «Аймақтық және жаһандық қауіпсіздікте Түркияның рөлі» тақырыпты отырысқа қатысты.

Мевлүт Чавушоғлу шығыс Жерорта теңізі тақырыбында Түркияның құқығының бұзылғанын атап көрсетті.

Түркияның әділ бөлісу шақыруларының жылдардан бері жалғасқанын, мұның назарға алынбаған соң 2018 жылы бұрғылау жұмыстарының басталғанын білдірген Чавушоғлу Грекияның максималды бір ұстаным ортаға қойғанын атап көрсетті.

Таулы Қарабах тақырыбына да тоқталған Чавушоғлу 30 жылдан бері Арменияның аймақты оккупациялағанын еске салды. Бейбітшіл және келіссөзге негізделген шешім ұсынысы жасады.



Ұқсас жаңалықтар