Чавушоғлұ Братиславаға барды

Мәвлүт Чавушоғлұ Братислава түрік шейіттігі және ескерткішінің беташарын жасады.

1505106
Чавушоғлұ Братиславаға барды
Cavusoglu Bratislava Turk Sehitligi1.jpg
Cavusoglu Bratislava Turk Sehitligi.jpg

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ Братислава түрік шейіттігі және ескерткішінің беташарын жасады. 

Чавушоғлұ 15-ші Жаһандық қауіпсіздік форум үшін Словакияның астанасы Братиславаға барды. 

Чавушоғлұ осы аяда Словакия сыртқы істер министрі Иван Корчок және Қазақстан сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездесті. 

Братислава түрік шейіттігі және ескерткішінің беташарын жасаған сыртқы істер министрі Чавушоғлұ Бірінші Дүниежүзілік соғысында Галичья шебінде шейіт болған әскерлердің қабіріне гүл шоқтарды қойды. 

Чавушоғлұ твиттер арқылы жасаған мәлімдемесінде "Галичья шебінде құрбан болған шейіттеріміздің естеліктері дос Словакия территориясында мәңгі сақталады. Братислава түрік шейіттігі және ескерткіш беташарын Словакия сыртқы істер министрі Иван Корчокпен бірге жасадық. Барлық шейіттерімізді құрметпен еске аламыз" деген сөздер қолданды. 

 



Ұқсас жаңалықтар