Соңғы 1 айда 171 террорист залалсыздандырылды

Ішкі істер министрлігі қыркүйек айының ішкі қауіпсіздік операциялары қорытындысын жариялады.

1501708
Соңғы 1 айда 171 террорист залалсыздандырылды

Қыркүйек айында ішкі қауіпсіздік операциялары барысында 12-сі іздеу салынған террористтер тізімінен, барлығы 171 террорист залалсыздандырылды.

Ішкі істер министрінің орынбасары және министрлік мәлімдемешісі Исмаил Чатаклы министрлік жұмыстарын қамтыған айлық баспасөз брифингі өткізді.

Чатаклы «Ішкі істер құрамында жүргізілген ішкі қауіпсіздік операциялары аясында 2020 жылы қыркүйек айында ауылдық аймақтарда 9 ауқымды, 23 шағын мөлшерде барлығы 10 мың 229 операция мен қалаларда да мың 425 операция ұйымдастырылды.

Іздеу салынғандар тізімінде орын алған 12 адамға қоса, барлығы 171 террорист залалсыздандырылды. Олардың ішінде 67-сі өлтіріліп, 74-і тірілей және 30-ы қауіпсіздік күштеріне берілу арқылы залалсыздандырылды» деді



Ұқсас жаңалықтар