«Кануни» бұрғылау кемесі 10 қазан күні Ташуджу портынан жолға шығады

Министр Дөнмез Твиттер парақшасынан «Кануни» бұрғылау кемесіне қатысты хабарлама жасады.

1501017
«Кануни» бұрғылау кемесі 10 қазан күні Ташуджу портынан жолға шығады

Энергетика және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмез «Кануни» бұрғылау кемесінің Стамбул Хайдарпаша портындағы Босфордан өту дайындығы үшін 10 қазан күні Мерсин Ташуджу портынан жолға шығатынын мәлімдеді.

Дөнмез Твиттер парақшасынан «Кануни» бұрғылау кемесіне қатысты хабарлама жасады.

Хабарламасында теңіздерде «Кануни» дәуірінің басталғанын атап көрсеткен Дөнмез «Кануни Хайдарпаша портында Босфордан өту дайындығы үшін 10 қазан күні Ташуджу портынан жолға шығады. Кануниге сәттілік тілеймін» деді.

2012 жылы өндіріс жұмыстары басталған және ағымдағы жылы Түркия мұнайлары А.Қ.-на табыс етілген «Кануни» бұрғылау кемесінің ұзындығы 227 метр, ені 42 метр.

Мерсин Ташуджу портында техникалық қызмет көрсету, жетілдіру және жаңарту қызметі аяқталған «Кануни» кемесі алғашқы бұрғылау жұмыстары Қаратеңізде болады.



Ұқсас жаңалықтар