ЕО мен Түркия виза тақырыбын қолға алады

Бұл туралы Меркель мәлім етті.

1501815
ЕО мен Түркия виза тақырыбын қолға алады

Германия канцлері Ангела Меркель Еуропа Одағы мен Түркияның желтоқсан айында виза еркіндігі тақырыбын қолға алатынын білдірді.

Меркель Бельгияның бас қаласындағы Еуропа Одағы Лидерлер саммитінде екінші күнінің аяғында баспасөзге мәлімдеме жасады.

Түркия тақырыбында көркейтуші диалогтың маңызды екенін айтқан Меркель: «Түркиямен жақсы күн тәртібі болуын қалаймыз. Соңғы кездері президент Режеп Тайып Ердоғанмен жиі сөйлестім. Қатынастарымызда позитивті күн тәртібі екі жаққа да пайдалы. Желтоқсан айында виза еркіндігі тақырыбын қолға аламыз» деді.

Түркияның Еуропа Одағының көршісі және НАТО мүшесі екенін меңзеген Меркель виза ерткіндігі тақырыбының желтоқсан айына дейін нақты қарастырылуы керектігін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар