Авашинде террористердің іні күйретілді

ПКК-ға қарасты 2 есігі мен екі дәлізі бар індер анықталып, күйретілді.

1501201
Авашинде террористердің іні күйретілді

Ирактың солтүстігіндегі Авашин аймағында бөлшектеуші террористік ұйым ПКК-ға қарасты 2 есігі мен екі дәлізі бар індер күйретілді. 

Ұлттық Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде:

"Террористер паналаған індерді күйрету операциясының табыспен жалғасқаны" білдірілді. 

Мәлімдемеде:

"Ирактың солтүстігіндегі Авашин аймағында батыр әскерлеріміз тарапынан табыспен жалғасқан іздеу және бақылау жұмыстарында бөлшектеуші террористік ұйым ПКК-ға қарасты 2 есігі мен екі дәлізі бар індер анықталып, күйретілді" деп көрсетілді.

Сонымен бірге Хаккари уәлаятынан жасалған мәлімдемеде Хаккариде 19 қыркүйекте жасалған операцияларда залалсыздандырылған бөлшектеуші террористік ұйым ПКК мүшесі 2 террористің 2016 және 2017 жылдары 4 әскер шейіт болған шабуылдың жауапкерлері екені анықталғаны білдірілді. 



Ұқсас жаңалықтар