"Әзербайжан қаласа да, қаламаса да өз кіндігін өзі кеседі"

"Түркия бар мүмкіншіліктерімен шын жүректен дос және бауырлас Әзербайжанды жалғыз қалдырмайды".

1498803
"Әзербайжан қаласа да, қаламаса да өз кіндігін өзі кеседі"

Президент Режеп Тайып Ердоған Арменияның басқыншылық жасаған Әзербайжан жерінен дереу шығып кетуімен аймақтың бейбітшілік пен тыныштыққа қауышатынын атап көрсетті.

Ердоған Стамбул Долмабахчеде Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) әкімшілігінің де қатысуымен Стамбул Университеті және Мармара Университеті тарапынан ұйымдастырылған Тарих, Саясат және еларалық ынтымақтастық тұрғысынан «Халықаралық теңіз құқығы мен шығыс Жерорта теңізі симпозиумында» кеше Әзербайжан жеріне шабуылдаған Арменияны тағы бір рет айыптағанын атап, «Түркия бар мүмкіншіліктерімен шын жүректен дос және бауырлас Әзербайжанды жалғыз қалдырмайды. Армения басып алған Әзербайжан жерінен дереу шығып кетуімен аймақ бейбітшілік пен тыныштыққа қауышады. Бұдан басқа барлық айыптаулар мен қорқытулар әділетсіз және заңсыз болып қана қоймай, Арменияны еркелетуді жалғастырады. Соңғы оқиғалар аймақтағы барлық ықпалды елдерге шынайы және әділ шешімдерді енгізуге мүмкіндік берді. Бұл мүмкіндік тиімді пайдаланылады деп сенеміз» деді.

«Минск үштігі» деп аталатын Америка Құрама Штаттары, Ресей және Францияның 30 жылдан бері мәселені шеше алмағанын білдірген президент Ердоған «Олар бұл мәселені шешпеу үшін барын жасады. Қазір болса олар кеңес беріп, кейде қорқытып отыр. Бұл қорқыту не? «Түркия осында ма? Түрік әскері осында ма? Мұны айтып жатқандар оңтүстігімізде Сирияның солтүстігіне мыңдаған жүк көлігімен қару тасымалдағандар. Мұны айтқандар Сирияның солтүстігін бөлшектеген сол жерде базаларын құрғандар. Мұны айтушылар коалиция күштерімен Сирияда қалағанын істеп отыр. Осылар қазір келіп «Түркия осында ма? Түркия осы жерге қару тасымалдай ма?» дейді. Осы түсінікке қараңыз, бұлардағы қандай ақыл? Әлиев бауырым оларға есеп беру керек деп ойлауда. 30 жылға жуық сіздерге есеп беріп отырды. «Бұл мәселені шешейік. Мұны енді созбайық» деді. Басқыншылық астындағы жерлер кімнің топырағы? Әзербайжанның жері. Мұны бәрің мойындап отырсыздар. Таулы Қарабахты да мойындап отырсыз. Осында 1 миллионнан асқан адам өз жерінен алыста, қазір Әзербайжанда өмір сүруде. Ал басқыншылар сол жерде. Оларды ешкім жауапқа тарпайды. Енді уақыты келді деген Әзербайжан қаласа да, қаламаса да өз кіндігін өзі кеседі» деді.



Ұқсас жаңалықтар