"Арменияға дереу тоқтау салу керек"

Арменияның шабуылдарына Түркиядан наразылық келуде.

1497983
"Арменияға дереу тоқтау салу керек"

Арменияның Әзербайжанға шабуыл жасағанына Түркиядан наразылық келуде.

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Мұстава Шентоп әлеуметтік желідегі жазбасында Түркияның бар күшімен Әзербайжанның жанында болатынын білдірді.

Шентоп былай деді: «Бейбіт халыққа бағытталған соңғы шабуылдар Арменияның тек Әзербайжан үшін емес,  бүкіл аймақ халқы үшін қауіпті террор мемлекеті екенін көрсетті.  Туындайтын қорытындылардың жалғыз жауаптысы – Армения.  Түркия Әзербайжанның барлық күшімен жанында болады».

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын да Арменияның бейбіт елді мекендерге шабуылдап,  бітімді бұзғанын атап көрсетті. «Халықаралық қоғам осы қауіпті арандатуға дереу тоқтау салу керек.  Түркия осы шабуылдар алдында Әзербайжанның жанында.  Шабуылда қаза тапқан бауырларымызға Алладан рақым тілейміз. Әзербайжан жалғыз емес.  Түркияның толық қолдауы бар» деді ол.

Әділет және даму партиясының баспасөз хатшысы Өмер Челик те әлеуметтік желіде Арменияның Әзербайжанға қарсы шабуылдарын айыптады және «Армения тағы бір рет құқық танымас арандатушылық жасады.  Арменияның қырғын жасақтары адамдық қылмыс істеп жатыр.  Арменияға қарсы халықаралық қоғамның даусы шығуы керек» деді.



Ұқсас жаңалықтар