Түркия НАТО ұшағына жанармай құйды

Түрік Әуе Күштеріне қарасты танкер ұшақтан НАТО ұшағына жанармай толтырылды.

1496869
Түркия НАТО ұшағына жанармай құйды

Солтүстік Атлантикалық Келісім ұйымы НАТО-ға қарасты E-3A AWACS ұшағына Түрік Әуе Күштеріне қарасты танкер ұшақ тарапынан жанармай толтырылды. 

Ұлттық Қорғаныс министрлігінің Твиттер желісінде жарияланған мәлімдемеде:

"Германияның Гейленкирчен әуежайынан ұшқан және "Сенім шаралары" аясында міндет атқарған НАТО-ға қарасты E-3A AWACS ұшағына НАТО-ның талабы бойынша Түрік Әуе Күштеріне қарасты KC-135R танкер ұшағы тарапынан Румынияда жанармай толтырылды" деп көрсетілді.

Мәлімдемеде жанармай толтырылған кезде түсірілген видео да жарияланды.   



Ұқсас жаңалықтар