"Шығыс Жерорта теңізі Түркия үшін көгілдір отанымыздың бір бөлігі"

Коммуникация басқармасы «Шығыс Жерорта теңізі халықаралық конференциясын» ұйымдастырды.

1496743
"Шығыс Жерорта теңізі Түркия үшін көгілдір отанымыздың бір бөлігі"

Президенттік аппараттың Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун Түркияның әрқашан дипломатияны қолдағанын атап көрсетті.

Коммуникация басқармасы Түркияның шығыс Жерорта теңізінде әділет пен ынтымақтастық туралы көзқарасы және мұның халықаралық жүйеге ықпалы қолға алынған «Шығыс Жерорта теңізі халықаралық конференциясы» ұйымдастырды.

Бейнеконференцияның ашылу баяндамасын жасаған Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун кейбір бұрынғы отаршыл күштердің шығыс Жерорта теңізін «жаңа империяларының туған жері» ретінде қабылдағанын атап, «Кейбіреулер осы жерді ‘келесі жаһандық қақтығыс аймағы’ деп бағалауда. Шығыс Жерорта теңізі Түркия үшін көгілдір отанымыздың бір бөлігі» деді.

Түркияның соңғы айларда әлемге өте ашық түрде бір жолдама жасағанын білдірген Алтун «Халықаралық заңдардың бізді жақтағанын білеміз. Дауысы ең қарқынды шыққандардың әдеттегідей құқылы емес екенін жақсы білеміз. Міне осы себепті Түркия президент Режеп Тайып Ердоғанның басшылығымен әрқашан дипломатияны жақтады» деді.

Алтун президент Ердоғанның табандылығы және НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг, Германия канцлері Ангела Меркель және Еуроодақ кеңесі төрағасы Шарль Мишельдің көмегімен келіссөз бен дипломатияға жағдай жасалғанын атап көрсетті.

Грекиямен келіссөздердің бастау мүмкіншілігіне риза екендерін, әсіресе дипломатияның әрқашан дұрыс бір әдіс екенін білдірген Алтун «Алдағы кезеңде шығыс Жерорта теңізінде дағдарысты азайту керек. Әділ және тұрақты бір шешім үшін пайда болған ортаны бірге қорғауымыз керек. Бұл болымды атмосфераны күшейту үшін кейінгі қадам кипрлық түріктерді де қамтитын аймақтық бір конференция болмақ. Табысты бір шешім үшін аймақ резервтерінің бейбітшілікке қызмет етуі жалғыз жол» деді.

Алтун дағдарыстың азайып, аймақтың бейбітшіл пен тұрақтылық бассейніне айналуын үміт еткендерін баса айтты.



Ұқсас жаңалықтар