"БҰҰ-да реформа жасау керек"

Президент Ердоған Біріккен Ұлттар Ұйымының 75-ші Бас Ассамблеясында сөз сөйледі.

1495496
"БҰҰ-да реформа жасау керек"

Президент Режеп Тайып Ердоған “Коронавирус (Ковид-19) эпидемиясының басында елдердің жалғыз қалдырылғаны анықталды, сондықтан жылдар бойы табанды түрде айтылып келе жатқан 'Әлем бестен үлкен' тезисім тағы бір рет дәлелдінді» деді.

Президент Ердоған Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) 75-ші Бас Ассамблеясында сөз сөйледі.

Президент Ердоған сөйлеген сөзінде халықаралық ұйымдардың беделінің төмендеуінің алдын алу үшін алдымен менталитеттің,  мекеме мен қағидалардың қайта қаралуы керектігін алға тартты.  Ол «БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінін қайта құрылуынан бастап,  ауқымды және мағыналы реформаларды жылдам іске қосуымыз керек» деді.

Президент Ковид-19 вакцинасы жөнінде қай елде өндірілсе де,  қолданысқа дайын болатын вакцинаның адам баласының пайдасына берілуі керектігін білдірді.  Ол Сирия дағдарысы жайлы да «Халықаралық қоғам ретінде барлық террорлық ұйымдарға қарсы бірдей ұстаным көрсетпейінше Сирия дағдарысына түбегейлі шешім таба алмаймыз» деді.

Ердоған бүгін әлемде ең көп босқынға есігін ашқан Түркия секілді елдердің істерінің барша адам баласының абыройын құтқарғанын айтты.

ДАИШ секілді Иракта ұя салған бөлшектеуші террорлық ұйым PKK-ны жою тақырыбына тоқталған Ердоған халықаралық қоғам мен Ирактан шынайы ынтымақтастық күтетіндерін атап көрсетті.

Ол Иерусалимде өкілетті елшілік алу ниетін жариялаған елдердің проблеманы тек шиеленістіргенін айтты.

Ердоған Шығыс Жерорта теңізіндегі келіспеушілікке байланысты да «Шығыс Жерорта теңізінде елімізді шеттетуді мақсат еткен қадамдардың табысты болмайтыны анық. Аймақтағы бүгінгі келіспеушіліктің себебі Грекия мен Кипр понти әкімшілігінің 2003 жылдан бері өз талаптары бағытында басқан бір жақты қадамдары» деді.



Ұқсас жаңалықтар