«Вакцинаны жылдың алғашқы айларында шығаруды жоспарлаймыз»

Президент Режеп Тайып Ердоған Президенттік кабинет жиналысының артынан мәлімдеме жасады.

1494773
«Вакцинаны жылдың алғашқы айларында шығаруды жоспарлаймыз»

Президент Режеп Тайып Ердоған «Вакцинаны (ковид-19) жылдың алғашқы айларында (2021) шығаруды жоспарлап отырмыз» деді.

Президент Ердоған Президенттік кабинет жиналысының артынан мәлімдеме жасады.

Жаңа типтегі коронавируспен күрес аясында жаңа бір сатыға өтілгенін атап айтқан президент Ердоған жинақталған тәжірибе мен жетістіктерге қарағанда жаңа стратегиялар дайындалғанын білдірді.

«Жалғасып отырған 8 вакцина жетілдіру жұмыстарының екеуінде жануарларға арналған сынақтар табысты түрде аяқталды» деген Ердоған «Вакцинаны жылдың алғашқы айларында шығаруды жоспарлаймыз» деп сүйіншіледі.

«Түркия эпидемия басталғалы шаралар мен науқастарға жасалған жағдай тұрғысынан жаһандық деңгейдегі елдер арасында орын алды» деген Ердоған кафе мен асханалардағы тексерулер, изоляцияда болуға тиісті тұлғаларды қадағалау, 65 жастан үлкен адамдарға қатынас уақыттарына шектеу сияқты кейбір шаралардың арттырылатынына назар аударды. Президент «Шаралардың мақсаты азаматтарымызды қинау емес, бүкіл адамдардың денсаулықтарын қорғау» деді.



Ұқсас жаңалықтар