Меркельмен жиналыс өткізеді

Президент Ердоған ертең Ангела Меркель және Чарльз Мишельмен үштік жиналыс өткізеді.

1494716
Меркельмен жиналыс өткізеді

Еуропа Одағының шығыс Жерорта теңізіндегі оқиғаларды қолға алатын Еуропа Одағы саммиті қарсаңында Анкараның дипломатиялық қатынастары жылдамдады.

Президент Режеп Тайып Ердоған ертең ЕО кезекті төрағасы Германияның канцлері Ангела Меркель және ЕО Кеңесі төрағасы Чарльз Мишельмен үштік жиналыс өткізеді.

Президент Ердоғанның осы жиналыста Түркияның шығыс Жерорта теңізінде диалогты қолдайтынын тағы бір рет қайталауы күтілуде. Жиналыста Түркияның алғы шартсыз келіссөз үстеліне отыруға дайын екені тағы бір рет атап көрсетіледі, келіспеушілікті Грекияның асқындырғаны,  қадам басу керек тараптың да Грекия екені айтылады. Ердоған Еуропадан проблеманың шешімі тақырыбында «ұстамы берік және әділ» болуын сұрайды.

 

 



Ұқсас жаңалықтар