Ұшқышсыз "Аксунгур" оқ-дәрісімен бірге ұшты

Әуе көлігі басқа мүмкіндік және қабілеттерімен де назар аударады.

1493151
Ұшқышсыз "Аксунгур" оқ-дәрісімен бірге ұшты

Түрік Авиация және ғарыщ өнеркәсібі TUSAŞ тарапынан жобаланып, өндірілген ұшқышсыз әуе көлігі «Аксунгур» бірінші рет толық оқ-дәрісімен 20 мың фут биіктікте бір күннен көп ұшты.

TUSAŞ хабарламасына қарағанда,  «Аксунгурға» байланысты жұмыстар үздіксіз жалғасуда. Бұдан бұрын 49 сағат әуеде болған әуе көлігі басқа мүмкіндік және қабілеттерімен де назар аударады.

750 келі жүк тасу әлеуетімен күндіз-түні әртүрлі ауа шарттарында барлау, бақылау және шабуыл міндеттерін жүзеге асыра алатын «Аксунгур» бұл жолы да Рокетсан тарапынан жетілдірілген 12 дана MAM-L оқ-дәрісімен 28 сағат ұшты.

«Аксунгур» алты стансасын да толтырып,  бірінші рет оқ –дәрімен бір күннен көп ұшу міндетін атқарған болды.



Ұқсас жаңалықтар