Ердоған Мишельмен телефонда сөйлесті

Ердоған мен Мишель Түркия мен Еуроодақ қарым-қатынастары және Шығыс Жерорта теңізіндегі дағдарысты кеңесті.

1492710
Ердоған Мишельмен телефонда сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Еуропа Одағы Кеңесінің төрағасы Шарль Мишельмен телефонда сөйлесті.

Коммуникация басқармасынан жасалған мәлімдемеге қарағанда президент Ердоған мен төраға Мишель Түркия мен Еуроодақ қарым-қатынастары және Шығыс Жерорта теңізіндегі дағдарысты талқылады.

Президент Режеп Тайып Ердоған телефондағы әңгімеде Еуроодақ ұйымдары мен мүше елдерге бағытталған "Шығыс Жерорта теңізін қамтыған барлық аймақтық тақырыптардағы айтақтауларға алданбай, айқан және тұрақты тұғыр көрсету" шақыруын қайталады.

Түркияның шынайы диалог пен әділетті негіз еткен келіссөз арқылы барлық тараптың құқығы қорғалған бір шешімге ашық екенін атап айтқан Ердоған елеусіз қарауға және тек тарапты қадамдарға қарсы Түркияның барлық құқығы мен мүддесін әрқашан және барлық салада қорғауға бел байлағанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар