Чавушоғлу грек газетіне жауап берді

Мевлүт Чавушоғлу Грекияның Түркиядағы өкілетті елшісінің министрлікке шақырылғанын айтты.

1493415
Чавушоғлу грек газетіне жауап берді

Грек газетінің опасыз тақырып жариялауына диломатиялық жауап берілді.

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Грекияның Түркиядағы өкілетті елшісінің министрлікке шақырылғанын жариялады.

Мевлүт Чавушоғлу:

"Грек газеті президент Режеп Тайып Ердоғанға байланысты ұялмастан бір мақала жариялады. Грек елшісін министрлікке шақырдық" деді.

Чавушоғлу:

"Біздің баспасөз органдарымызда гректің кейбір саясатшыларына сын айтылады, бізді де сынға алады, ауыр болса, көңілсіз боламыз. Алайда тіл тигізу, боктық сөздер жазу баспасөз еркіндігі көлемінде бағаланбауы керек. Коммуникация басқармасы да қажетті қадамдарды басуда. Өкінішке орай, өрелері өте төмен, қарымжысын қайтарамыз" деп көрсетті.     



Ұқсас жаңалықтар