Өмер Челик Франция президентіне наразылық көрсетті

"Макрон мырза, біздің сіз сияқты отаршыл саналармен мәселеміз бар".

1488399
Өмер Челик Франция президентіне наразылық көрсетті

Әділет және даму партиясының мәлімдемешісі Өмер Челик Франция президенті Эммануэль Макронның отарлау саясатын, президент Режеп Тайып Ердоғанның болса езілген халықтардың мүдделері мен бейбітшілікті қорғау және отарлаушылардың ойындарын бұзуды жалғастырғанын атап көрсетті. 

Твиттер парақшасынан жасаған мәлімдемесінде Эммануэль Макронның мәлімдемелеріне наразылық көрсеткен Челик «Макрон мырза, біздің сіз сияқты отаршыл саналармен мәселеміз бар. Жәбірлеп, отарлағыңыз келген халықтармен гуманитарлық және бауырластық байланысымыз бар. Сол себепті сізбен бетпе-бет тұрмыз. Қорқыту сөйлемдері қолданған ел – Түркия Республикасы. Түркия сізге ең мықты жауапты қайтарады» деді. 

Франция сияқты бір мемлекетті қазіргі табыссыз күйіне Макронның ұшыратқанын мәлімдеген Челик «Макрон Францияны басқарудағы қабілетсіздігін сыртқы саясаттағы шабуылдау ұстанымымен жабуға тырысуда. Макрон Ливияда Хафтердің топтық мазарларына жауапты. Макрон қазір Грекияны пайдаланып, шығыс Жерорта теңізінде отаршылдық ойынын ойнауға тырысуда. Сирияда сынап табыссыз болған ойынын Жерорта теңізіне апаруға тырысуда. Президентіміз бұл шабуылшы ұстанымға рұқсат бермегені себепті президентімізді нысанаға алуда. Макрон міндетке келген күнінен бері президентіміз жайлы айтқан әр сөзінде шатасты» деді. 

Өмер Челик Макронның сыртқы саясат тақырыбында енді тәжірибесіздікпен аталмайтындай бір табыссыздыққа ұшырағанын атап, «Макрон Сирияда бөлшектеуші террор ұйымы  PKK/PYD/YPG, Ливияда Хафтер, Жерорта теңізінде Грекиямен табыссыздыққа қарай жүгіруде. Макрон мынаны жақсы ұғу керек президентімізді ұлтынан айыратын бір сөйлеммен ол бастан қателесті. Түркияның президенті Түркия деген сөз. «Ердоған бөлек, түрік халқы бөлек» деушілер бұл тақырыпта да тарихи жауаптарын алады. Макрон отаршылдықты, Президент Режеп Тайып Ердоған болса езілген халықтардың мүдделері мен бейбітшілікті қорғау және отаршылардың ойындарын бұзуды жалғастыруда. Барлық мәселе осы» деді. 



Ұқсас жаңалықтар