Акар Германия қорғаныс министрімен телефонда сөйлесті

Министр Акар телефондағы әңгімеде Түркияның шешімсіздік жағында  емес, мәселені диалог арқылы шешу жағында екенін айтты.

1487960
Акар Германия қорғаныс министрімен телефонда сөйлесті

Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар Германияның қорғаныс министрі Аннегрет Крамп-Каррренбауэрмен телефон арқылы сөйлесті. 

Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда екі министр телефондағы әңгіме барысында  Шығыс Жерорта теңіздегі оқиғалар, екі ел қарым-қатынастары, аймақтық қорғаныс және қауіпсіздік тақырыптар жайлы пікір алмасты. 

Министр Акар телефондағы әңгімеде Түркияның шешімсіздік жағында  емес, мәселенің диалог арқылы шешу жағында екенін айтты. 

Басқа елдердің де тақырыпқа байсалды және одақтастық рухына сәйкес тұғыр ұстануы керектігін білдірген министр Акар Түркияның табанды екенін, сондай-ақ болған оқиғаларға  рұқсат бермейтінін және халықаралық құқықтан туынданған құқықтарын жалғасты қорғайтынын түсіндірді. 

 



Ұқсас жаңалықтар