Жаттығу жалғасуда

«Жерорта теңізі дауыл-2020» жаттығуы 6 қыркүйекте басталды.

1487653
Жаттығу жалғасуда

Ұлттық қорғаныс министрлігі Солтүстік Кипр Түрік Республикасында (СКТР) шейіт капитан Дженгиз Топел атындағы  “Жерорта теңізі дауыл” жаттығуларының сәтті жалғасқанын мәлімдеді. Министрлік  жаңа суреттерімен де  бөлісті.

Шейіт капитан Дженгиз Топел атындағы Түркия мен СКТР жасақтары қатысқан «Жерорта теңізі дауыл-2020» жаттығуы 6 қыркүйекте басталды.

Кипр Түрік бейбітшілік күштері қолбасшылығы мен СКТР Қауіпсіздік күштері қолбасшылығы арасында жыл сайынғы жоспарланған жаттығулар арқылы  өзара дайындықты, ынтымақтастықты және үйлесімділікті дамыту мақсат етіледі.

Жаттығу 10 қыркүйекте аяқталады.



Ұқсас жаңалықтар