Ванда жаңа операция басталды

Операцияда 1040 қызметкер қызмет атқарады.

1486732
Ванда жаңа операция басталды

Ішкі істер министрлігі тарапынан Ванда 1040 қызметкердің қатысуымен «Йылдырым-10 Нордуз» операциясы басталды.

Министрлік бөлшектеуші террорлық ұйымның толығымен жойылуы және аймақтағы террористтердің залалсыздандырылуы мақсатымен Ван қалалық жандармерия қолбасшылығы тарапынан операция басталғанын хабарлады.

Операцияда Ван қалалық жандармерия қолбасшылығында міндет атқаратын жандармерия арнайы жасағы, полиция арнайы жасағы мен қауіпсіздік қорғаушыларынан тұратын 70 командадағы 1040 қызметкер қызмет атқарады.

Ел ішінде терроризмнің жойылуына бағытталып жүргізілген Йылдырым-1-2-3-4-5-6-7-8-9 операциялары шеңберінле бүгінге дейін барлығы 46 террорист залалсыздандырылды. Террористтерге көмектескен 23 кісі ұсталып, 90 үңгір, баспана мен қойма жойылды.



Ұқсас жаңалықтар