TRT Мейисти аралындағы грек әскерлерін бейне камераға түсірді

Грекия армиясы әскер үйген Мейисти аралы Анталияның Каш ауданына 2,1, Грекияға 580 шақырым қашықтықта орын алады.

1484901
TRT Мейисти аралындағы грек әскерлерін бейне камераға түсірді

Анталияның Каш ауданынан 2 шақырым қашықтықтағы Мейисти аралында күзетші грек сарбаздары бейне камераға түсірілді. 

Француз хабар агенттігі AFP 28 тамыз күні грек әскерлерінің туристтер де мінген бір пароммен Мейисти аралына шыққанын фотосуреттермен жариялаған болатын.

Түрік тілінде «Кызылхисар» деп аталған Мейисти аралы Анталияның Каш ауданына тек қана 2,1 шақырым, Грекияға 580 шақырым қашықтықта. 

Түркия телерадио компаниясының (TRT) хабар тобы аралда бүгін тағы грек әскерлерінің күзет жұмыстарын бейне камераға түсірді. Аралдың айналасында күзет жұмыстарын атқарған грек теңіз күзету қайығы мен құрлықта әскери көліктердің болмысы байқалды. 

TRT-нің ағылшын телеарнасы TRT World тобы да өткен сәрсенбі күні Мейисти аралында күзетші грек әскерлерін бейне камераға түсірген болатын. 



Ұқсас жаңалықтар