Сомалиге сауытты әскери көлік

Сауытты көліктер террормен күресте қолданылады.

1480814
Сомалиге сауытты әскери көлік

Түркия Сомалидің террорлық ұйыммен күресі үшін 12 дана сауытты әскери көлік берді.

Сомалидің бас қаласы Могадишоға жеткен көліктер тапсырылды.

Рәсімге Түркияның Сомалидегі өкілетті және төтенше елшісі Мехмет Йылмаз, Сомали Қорғаныс министрі Хасан Али Мұхаммед, Сомали Бас штаб төрағасы Одава Юсуф Рагех қатысты.

Өкілетті елші Йылмаз осында сөйлеген сөзінде Түркияның Сомалиге әрқашан көмек беретінін айтты.

Сомали Қорғаныс министрі Мұхаммед те Түркиядан келген көліктердің Еш-Шебап террорлық ұйымына қарсы операцияларға үлес қосатынын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар