Хайко Маас ертең Түркияға келеді

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ мен Германия Сыртқы істер министрі Хайко Маас ертең Анкарада кездеседі.

1478066
Хайко Маас ертең Түркияға келеді

Германия Сыртқы істер министрі Хайко Маас ертең ресми сапармен Түркияға келеді. 

Сыртқы істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ мен Германия Сыртқы істер министрі Хайко Маас ертең Анкарада кездесетіні білдірілді. 

Мәлімдемеде "Құрметті министріміз Чавушоғлу мен Германия Сыртқы істер министрі арасында Анкарада өткізілетін кездесуде екі ел қарым-қатынастары, Түркия-Еуропа Одағы байланысы, Шығыс Жерорта теңізі және аймақтық тақырыптар қолға алынады" деген сөздерге орын берілді.



Ұқсас жаңалықтар