Түрік Қарулы күштері Ливиядағы миналарды тазалауда

Ұлттық Қорғаныс министрлігі тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.

1475855
Түрік Қарулы күштері Ливиядағы миналарды тазалауда

Ұлттық Қорғаныс министрлігі Ливияның шығысындағы көтерілісшіл күштердің басшысы Халифа Хафтерге қарасты содырлар төсеген мина мен қолдан жасалған және жарылмаған оқ-дәрілерді анықтап жою жұмыстарының жалғасқанын білдірді. 

Министрлік ресми твиттер парақшасынан жасалған мәлімдемеде Түрік Қарулы күштеріне қарасты қызметкерлердің Халифа Хафтерге қарасты содырлар орналастырған мина мен қолдан жасалған және жарылмаған оқ-дәрілерді жою жұмыстарына орын берілген.

Мәлімдемеде «Төңкерісшіл Хафтер мен содырлары төсеген мина мен қолдан жасалған жарылғыштар және жарылмаған оқ-дәріні жою жұмыстары жалғасуда. Ливиядағы мамандарымыздың пидақорлығы және батылдығының арқасында бейбіт адамдар үшін үлкен қауіп төндірген мина мен жарылғыштар тазалануда» делінді.



Ұқсас жаңалықтар