Чавушоғлу мен Столтенберг телефонда сөйлесті

Әңгіме барысында шығыс Жерорта теңізі мен Ливиядағы соңғы жағдай қолға алынды.

1475859
Чавушоғлу мен Столтенберг телефонда сөйлесті

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу және НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг телефонда шығыс Жерорта теңізі мен Ливиядағы жағдайды бағалады.

Әңгімемен байланысты НАТО-дан жасалған мәлімдемеге қарағанда Столтенберг шығыс Жерорта теңізіндегі дағдарысқа қатысты уайымдарын тілге тиек етіп, келіссөз және қызуды түсірудің аймақтың мүддесіне екенін атап көрсетті.

Жағдайдың одақтастық рухымен халықаралық заңдарға сәйкес шешілу керектігін атап көрсеткен Столтенерг Түркия мен Грекияның ондаған жылдан бері НАТО одақтасы екенін білдірді.

Ливия тақырыбында БҰҰ-ның дағдарысқа саяси шешім іздеу үшін жүргізген жұмыстарды НАТО-ның қолдағанын атап көрсеткен Столтенберг Ливиядағы тараптар мен халықаралық қоғамның БҰҰ басшылығындағы кезеңді қолдап, БҰҰ қару эмбаргосына бағыну керектігін мәлімдеді.

Столтенберг НАТО-ның Ливияда бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін  (қаңтар 2020) Берлин кезеңіне қолдау бергенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар