Түркия Йеменге жәрдем жолдады

Түрік Қызыл жарты ай қоғамы Йемендегі мұқтаждарға азық-түлік жәрдемін жолдады.

1471209
Түркия Йеменге жәрдем жолдады

Түрік Қызыл жарты ай қоғамы Йемендегі жағдайы нашар кемтарларға 450 сандық азық-түлік жәрдемін жолдады.

Жәрдем аясында Адан, Таиз және Хадрамевт уәлаяттарына 100-ден, қалған аймақтарға 150 сандық жәрдем пакетін мұқтаж жандарға жеткізді.

Аталмыш қалаларда мамыр айында басталған компания аясында ай сайын 450 сандық, келер жылға дейін 2 мың 250 сандық азық-түлік таратылуы нысанаға алынды.

Түрік Қызыл жарты ай қоғамы  Ораза айында да Йемендегі мұқтаж жандарға 14 мың 500 сандық азық-түлік жәрдемін жеткізген болатын. 

Ұзақ уақыттан бері саяси тұрақсыздықтағы Йеменде хоуситтер мен үкіметке қарасты күштер арасында қақтығыстар жалғасуда.

БҰҰ әлемдегі ең ауыр гуманитарлық дағдарысты бастан өткізіп отырған Йеменде жан санының 80 пайызы гуманитарлық жәрдем мен қорғауға мұқтаж болып отырғанын хабарлады. 



Ұқсас жаңалықтар