Акар операция аймағын бақылады

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар "Пенче-Каплан операциясы" аясында бүгінге дейін 83 террорист залалсыздандырылғанын айтты.

1469841
Акар операция аймағын бақылады

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар "Пенче-Каплан операциясы" аясында бүгінге дейін 83 террорист залалсыздандырылғанын айтты.

Хулуси Акар Бас Штаб төрағасы генерал Яшар Гүлер және Құрлық Күштері қолбасшысы генерал Үміт Дүндармен бірге Ирак шекара желісіндегі бақылау және зерттеу жұмыстарын жалғастыруда.

Ирак шекарасындағы Дүгүндагы әскери базасы аймағында операцияларға байланысты мәлімет алған Акар артынан жасаған мәлімдемесінде:

"Бүгінге дейін болғанындай, шейіттеріміздің қаны жерде қалмайды. Қажет болған барлық істер істелді және жалғасады" деді.

Акар 2020 жылы 16 маусымда басталған "Пенче-Бүркіт" және "Пенче Каплан операцияларының" 48 күннен бері табыспен жалғасып келе жатқанын айтты.

Қазірге дейінгі операцияларда аймақтағы барлық өңірдің бақылауға алынғанын айтқан Акар террористерді жою мақсатымен операция аймақтарындағы іздеу және бақылау іс-шаралары үзіліссіз жалғасқанын білдірді.

Операциялардың террорды құртуды мақсат еткенін айтқан Акар:

"Қазірге дейінгі операцияларда 83 террорист залалсыздандырылды. Көптеген террор ұялары анықталып, күйретілді. Қару-жарақтар, зымыран жүйелері, бомбалар, тұрмыстық бұйымдар қолға түсірілді" деп көрсетті.

Хулуси Акар қасындағы қолбасшылармен бірге тікұшақпен Хаккари Юксековаға барды.



Ұқсас жаңалықтар