ТИКА Мексикаға жәрдем жолдады

ТИКА 23 маусымда Мексиканың Оаксака уәлаятында болған зілзаладан кейін аймаққа шұғыл гуманитарлық жәрдем жолдады.

1467772
ТИКА Мексикаға жәрдем жолдады

Түрік Ынтымақтастық және координация агенттігі басқармасы ТИКА 23 маусымда Мексиканың Оаксака уәлаятында болған зілзаладан кейін аймаққа шұғыл гуманитарлық жәрдем жолдады.

ТИКА-дан жасалған жазбаша мәлімдемеге қарағанда 7.4 балл зілзаладан кейін таулы ауылдардағы қатынас қолайсыз аймақтарда үйлерінен кетуге мәжбүр қалған отбасыларға 400 сандық жәрдем материалдары жеткізілді. 

Оаксака уәлаятының талабына сай азық-түлік пен тазалық өнімдерін қамтыған жәрдем материалдары Оасака Денсаулық сақтау министрлігінің селбесуімен 2 мың адамға таратылды.

Түркия Мексикада 2018-2019 жылдары арасында болған зілзалалардан кейін де Мексикаға жәрдем жолдаған болатын.

Гуманитарлық жәрдемдер үшін алғыс айтқан кезіндегі президент Пена Нието  ТИКА-ға алғыс хат жолдаған еді.   



Ұқсас жаңалықтар