PKK-лық 4 террорист залалсыздандырылды

Ішкі істер министрлігі тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.

1464836
PKK-лық 4 террорист залалсыздандырылды

Ұлттық барлау ұйымы Шырнак пен Габар ауылдық аймағында бөлшектеуші террор ұйымы PKK/KCK мүшесі 4 террористке операция жасады.

Ұлттық барлау ұйымы жүргізген барлау жұмысы нәтижесінде 4 террористің залалсыздандырылғаны білдірілді.

Басқа жағынан Мардиннің Даргечит ауданында PKK-лық террористтер тұзақтаған 12 килограмм қолдан жасалған жарылғыш жойылды.

Мардин Қалалық жандармерия қолбасшылығының барлау жұмыстары нәтижесінде Даргечит-Кылавуз жолына жарылғыш орналастырылғаны жайлы хабарлама келіп түсті.

Жандармерия топтары жасаған тексеруде асфальт жолға жарылғыш орналастырылғаны хабарланған соң аймаққа Жарылғыш жою жасақтары жіберілді.

Кішкентай газ баллонмен жасалған жарылғыш бақылаулы түрде жойылды.

Аймақта іздеу жұмыстары барысында жарылғыш материалдары табылды.



Ұқсас жаңалықтар