Калын Грекия жайлы мәлімдеме жасады

Ибрахим Калын Түркия мен Грекияның  соғысуға аз қалғандығы жайлы хабарларға наразылық көрсетті.

1463282
Калын Грекия жайлы мәлімдеме жасады

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын Түркия мен Грекияның  соғысуға аз қалғандығы жайлы хабарларға наразылық көрсетті.

Калын жеке бір теледидарда жасаған мәлімдемесінде Түркияның NAVTEX таралымынан кейін Грекияның ұшқары наразылық білдіруімен басталған шиеленісті Германия баспасөзінің ушықтырғанын білдірді. Калын "Соғыстың табалдырығына келген жоқ. Алайда құрметті Германия премьер-министрі Ангела Меркельдің байсалды бір үлесі бар" деді. 

Грекияның Түркияның маңызды бір көршісі екенін баяндаған Калын "Грекиямен біз барлық тақырыпта келісуге дайынбыз. Екі жақ та өз территориясындағы жұмыстарын жалғастырсын. Дау-дамай болған аймақтарда да ортақ жұмыстар істелсін. Құрметті президентіміз" Байсалды болайық, біраз күтейік"  деді.

"Екі жақты мәселені ақылдаса отырып шешейік, Еуропа Одағы мүшелігін қысым ретінде қолданып бір нәтиже шығаруыңыз мүмкін емес" деді. 

 



Ұқсас жаңалықтар