Түркияда бүгін де 18 жан мерт болды

Коронавирус індеті басталған күннен бері қайтыс болғандардың саны 5 мың 563 кісіге көбейді.

1460747
Түркияда бүгін де 18 жан мерт болды

Түркияның жаңа типті коронавирус індетімен күресінде соңғы бір тәулікте 18 адам қайтыс болды.

Коронавирус індеті басталған күннен бері қайтыс болғандардың саны 5 мың 563 кісіге көбейді.

Соңғы бір тәулікте 43 мың 343 кісіге сынама жүргізіліп, 913 кісінің коронавирусты жұқтырғаны анықталды.

Ауруханадан шыққан мың 151 адамды қосқанда, сауығып кеткендердің жалпы саны 206 мың 365 кісіге жетті.



Ұқсас жаңалықтар