Елшілер 15 шілде Демократия және Ұлттық бірлік күнін еске алды

Каракоч "Ұйым бейуаз адамдарды аяусыз өлтірді. Ұйымның болуы Австралия үшін де үлкен бір қауіп болып табылады" деді.

1455522
Елшілер 15 шілде Демократия және Ұлттық бірлік күнін еске алды

Түркияның Косовадағы өкілетті және төтенше елшісі Чагры Сакар Косова мемлекеттік органдарының Фетуллахшы террор ұйымы мүшелеріне қарсы жасаған шараларына риза болғандарын айтты. 

Сакар 15 шілде Демократия және Ұлттық бірлік күніне орай жасаған мәлімдемесінде 15 шілде төңкеріс әрекетінен кейін Косова халқының Түркияға жасаған қолдауы және селбесуінің өте маңызды екенін білдірді. 

Енді бір жағынан Австралиядағы елшілік және бас консулдықтарында 15 шілде күнгі опасыз төңкеріс әрекетінің жылдығына орай "15 шілде Демократия және Ұлттық бірлік күнін" еске алу рәсімдері ұйымдастырылды. 

Түркияның Австралиядағы өкілетті және төтенше елшісі Корхан Каракоч түрік ұлтының президент Режеп Тайып Ердоғанның басшылығында опасыз төңкеріс әрекетін доғарып, бір демократия талпыныс жасағанын білдірді. 

Каракоч "Ұйым бейуаз адамдарды аяусыз өлтірді. Ұйымның болуы Австралия үшін де үлкен бір қауіп болып табылады" деді. 

Түркияның Жапониядағы өкілетті және төтенше елшісі Мұрат Мерджан да 15 шілде опасыз төңкеріс әрекетінің жылдығында Жапония-Түркия қарым-қатынасына тоқталды. 

Мерджан екі елдің сыртқы істер министрлерінің қою байланыстары және мемлекеттік деңгейде өткізілген кездесулердің арқасында  Жапонияда ұйымның бет-бейнесінің паш етілгенін мәлімдеді. 

Жапония премьер-министрі Абэ Синдзо және президент Режеп Тайып Ердоғанның ынтымақтастығын түсіндірген Мерджан "Ердоған және Абэның селбесуі және өзара кездесулері FETÖ-нің ықпалын Жапонияда азайтты" деген сөздер қолданды. 

Түркияның Малайзиядағы өкілетті және төтенше елшісі  Мерве Сафа Кавакчы болса, 15 шілде Демократия және Ұлттық бірлік күніне орай жасаған мәлімдемесінде FETÖ-нің бұл жердегі орнының түбегейлі түрде жойылғанын баяндап, Малайзияға жасаған қолдауына орай алғыс айтты. 

 

 



Ұқсас жаңалықтар