62 террорист залалсыздандырылды

Хулуси Акар "Пенче-Каплан операциясы" аясында қазірге дейін 62 террористің залалсыздандырылғанын білдірді.

1455107
62 террорист залалсыздандырылды

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар "Пенче-Каплан операциясы" аясында қазірге дейін 62 террористің залалсыздандырылғанын білдірді.

Акардың төрағалығында Бас Штаб төрағасы, генерал Яшар Гүлер, Құрлық Күштері қолбасшысы, генерал Үміт Дүндар, Әуе Күштері қолбасшысы, генерал Хасан Күчүкакяз және Теңіз Күштері қолбасшысы, амирал Аднан Өзбал, премьер-министрдің орынбасарлары да қатысқан апталық видео конференция ұйымдастырылды.

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар күн тәртіпке байланысты мәлімдемесінде:

"Пенче-Каплан операциясы" аясында қазірге дейін 62 террорист залалсыздандырылды. Әскерлеріміздің қолы опасыздардың желкесінде" деді.

Хулуси Акар Әзірбайжан-Армения шекарасында шыққан қақтығыстарға да тоқталды:

"Шабуылшы тұғырын жалғастырған Арменияға қарсы Әзірбайжан Қарулы күштерінің қасында тұрамыз, Әзербайжандық бауырларымызға қолдауымызды жалғастырамыз" деді. 



Ұқсас жаңалықтар