Вершинин "Аясофия шешімі - Түркияның ішкі істері" деді

Вершинин Аясофияның мешіт ретінде ғибадатқа ашылу шешімін "Түркияның ішкі істері" болғанын білдіріп, бұған мемлекетінің немесе басқа елдің араласпауы керектігін айтты.

1454097
Вершинин "Аясофия шешімі - Түркияның ішкі істері" деді

Ресей Сыртқы істер министрі орынбасары Сергей Вершинин Аясофияның мешіт ретінде ғибадатқа ашылу шешімін "Түркияның ішкі істері" болғанын білдіріп, бұған мемлекетінің немесе басқа елдің араласпауы керектігін айтты. 

Вершинин журналисттерге жасаған мәлімдемесінде Аясофияның мешіт ретінде ғибадатқа ашылу шешімін түсіндірді. 

Аясофия мәселесінің әлемде кең көлемді жаңғырық туғызғанын еске салған Вершинин "Бұл  -Түркияның ішкі істері мәселесі. Табиғи түрде бұған біздің немесе басқа елдің араласпауы керек" деген сөздер қолданды. 

Вершинин Аясофияның жаһандық мәдениет және өркениет тұрғысынан өте маңызды болғанына назар аударды. 

Мемлекет кеңесі 10 шілде күнгі шешімімен Аясофияның  мешіттен мұражайға айналдырғанына байланысты 1934 жылы 24 қараша күнгі Министрлер кеңесі шешімін күшінен қалдырды. Одан кейін президент Режеп Тайып Ердоғанның бекітуімен Аясофия  мешіті  Дін Істері Басқармасына өткізіліп берілді.



Ұқсас жаңалықтар