Фахреттин Кожа Ханс Клюгені қабылдады

Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы Еуропа аймақтық директоры Ханс Клюгені қабылдады.

1452259
Фахреттин Кожа Ханс Клюгені қабылдады

Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы Еуропа аймақтық директоры Ханс Клюгені қабылдады.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы Еуропа аймақтық директоры Ханс Клюге Түркияға сапары аясында алдымен Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожамен бас қосты.

Кожа Клюгемен кездесуінен кейін жасаған мәлімдемесінде:

"Гуманитарлық және Денсаулық сақтау Төтенше жағдайларға дайындық Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы офисін Стамбұлда ашамыз. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы тұрғысынан ерекше маңызға ие офис жұмыстарымен Covid-19 аясындағы күнделікті қажеттіліктерді қамдау тақырыбында жетекшілік жасайды" деді. 

Ханс Клюге мәлімдемесінде:

"Covid-19 эпидемиясына қарсы көрсеткен ұйымшылдығы үшін түрік халқы мен ұйымдарына шынайы тілегімді және құрметімді жеткіземін" деп көрсетті. 

Covid-19 эпидемиясымен күресте Түркияның маңызды қадам басқанын айтқан Клюге:

"Вирусты жұқтыру мен өлім-жітім 75 пайыз азайды" деді.



Ұқсас жаңалықтар