Хендектегі жарылыста 2 кісі мерт болды

Сакарияның Хендек ауданындағы от шашу материалдары фабрикасында болған жарылыста 2 кісі қаза тапты, 74 кісі жараланды.

1448449
Хендектегі жарылыста 2 кісі мерт болды

Сакарияның Хендек ауданындағы от шашу материалдары фабрикасында болған жарылыста 2 кісі қаза тапты, 74 кісі жараланды.

Хендек Юкарычалыжа өңіріндегі фабрикада Түркия уақытымен сағат 11.15-те белгісіз себеппен жарылыс болды.

Жарылыстың дауысы 50 километр алыстан естілді. Жарылыстан кейін халық көшеге шықты. Аймаққа денсаулық сақтау және өрт сөндіру топтары жолданды.

Президент Режеп Тайып Ердоғанның тапсырмасымен Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу, Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа, Отбасы, Еңбек және әлеуметтік қызметтер министрі Зехра Зумрут Селчук жарылыс болған фабрикаға барды. Министр Сойлу мен Фахреттин Кожа фабрика тұрған аймақты аспаннан зерттеді.

Президент Режеп Тайып Ердоған Хендектегі фабрикада болған жарылысқа байланысты мәлімдемесінде:

"189 жұмысшы арасында бірі ауыр 4 жаралы бар, екі кісі қаза тапты" деді.

Қажетті шаралардың жасалғанын айтқан Ердоған:

"Жаралылардың сақайып, отбасына ертерек оралуын үміт етеміз және емделгендер жайлы нашар хабар алмадық" деп көрсетті. 



Ұқсас жаңалықтар