Түркия-Ресей Федерациясы-Иран үштік саммиті болып өтті

Астана форматындағы үштік басшылар саммиті видео конференция арқылы жүзеге асты.

1447121
Түркия-Ресей Федерациясы-Иран үштік саммиті болып өтті

Президент Режеп Тайып Ердоған «Көршіміз Сирияның алдымен тыныштық, қауіпсіздік және тұрақтылыққа қауышуы үшін бар шараны жылдамдықпен қабылдауды жалғастырамыз» деді.

Астана форматындағы Түркия-Ресей Федерациясы-Иран арасындағы үштік басшылар саммиті видео конференция арқылы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған, Ресей президенті Владимир Путин және Иран мемлекет басшысы Хасан Руханидің қатысуымен жүзеге асты.

Ердоған саммитте жасаған баяндамасында «Түркия ретінде келісімпеушіліктер басталғалы сириялық бауырларымызды жалғыз қалдырмадық. Этникалық куәлігіне, тегіне, нанымына қарамастан миллиондаған сириялық босқынға құшақ жайдық» деді.

Сирияны террор ұйымдарының бөлшектеу үшін үлкен қайрат жұмсағанын атап көрсеткен президент Ердоған «Қажет жағдайда операция жасап гуманитарлық трагедия мен бөлшектеуші жоспарлардың алдын алдық. Көршіміз Сирияның тез арада тыныштық, қауіпсіздік және тұрақтылыққа қауышуы үшін бар шараны қабылдауды жалғастырамыз. Астана кепілгерлері ретінде ортаға қоятын ортақ ынтымақтастық пен ұстаным күдіксіз бұл елдің болашағына ықпал етеді» деді.

Түркия-Ресей Федерациясы-Иран арасындағы үштік видео конференциялық саммиттің артынан мемлекет басшылары ортақ баспасөз мәлімдемесі жасады.

Мәлімдемеге қарағанда саммитте президенттер Сириядағы қазіргі жағдайды қолға алды. Ортақ қабілетпен қозғалу тақырыбындағы табандылық баса айтылды.

Басшылар көрші елдердің ұлттық қауіпсіздігіне зиян келтіретін бөлшектеуші әрекеттер мен күн тәртіптерге қарсы шығу тақырыбында келісті.

Жиналыста Идлиб аймағында дағдарысы азайтудағы соңғы жағдайға қайта көз жүгіртілген саммитте Идлибпен байланысты келісімдерді іске қосу үшін майдандағы тыныштықты қамтамасыз ету керектігіне назар аударылды.

Сириядағы келіспеушіліктің БҰҰ-ның жеңілдетуші ұстанымы арқылы сириялықтардың басшылығындағы саяси шешім кезеңімен жойылатынына толық сенім білдірілді.

Үш басшы босқындар мен Сирияда елді-мекендерін тастап кетуге мәжбүр қалғандардың сенімді және ерікті түрде үйлеріне кері оралуына жағдай жасалып, құқықтарын қорғау керектігі мәселесінде ортақ көзқарас ортаға қойды.

Ортақ экономикалық ынтымақтастықты күшейту үшін әртүрлі салада үштік қимыл-әрекетті жалғастыруға келіскен басшылар келесі Үштік саммитті Иран мемлекет басшысы Хасан Руханидің шақыруымен ең қысқа мерзімде бұл елде өткізуге шешім қабылданды.



Ұқсас жаңалықтар