Астана саммиті видео конференция арқылы жүзеге асады

Түркия, Ресей және Иран басшылары ертең Астана саммиті аясында видео конференциямен бас қосады.

1446226
Астана саммиті видео конференция арқылы жүзеге асады

Түркия, Ресей және Иран басшылары ертең Астана саммиті аясында видео конференциямен бас қосады.

Президент Режеп Тайып Ердоған, Ресей президенті Владимир Путин мен Иран президенті Хасан Рухани жиналыста Сириядағы соңғы жағдайды қолға алады.

Ердоған, Путин және Рухани соңғы рет Анкарада болып өткен жиналыста бас қосты. Өткен жылы қыркүйек айындағы жиналыстың артынан келесі саммитті наурыз айында Тегеранда өткізу жоспарланған еді.

Дегенмен жаңа тип коронавирус (Сovid-19) эпидемиясы саммиттің Иранда өткізілуіне кедергі жасады. Эпидемиямен күрес жалғасқандықтан видео конференция арқылы өткізу күн тәртіпке келді. Осылайша Астана форматындағы саммиттің 6-шысы жүзеге асады. Ердоған, Путин, Рухани видео конференция арқылы бас қосады.

Басшылар Сириядағы саяси өтпелі кезеңді бағалап, Атазаң комитетінің жұмыстарын қолға алады. Идлиб пен Евфрат өзенінің шығысындағы жағдай да күн тәртіпке келмек.



Ұқсас жаңалықтар