Бастарына сыйақы тігілген террористтер залалсыздандырылды

Ішкі істер министрлігі тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.

1441650
Бастарына сыйақы тігілген террористтер залалсыздандырылды

Битлис ауылдық аймағында 20 маусым күні залалсыздандырылған 2 террористтің іздеу салынған террористтер тізіміндегі Реджеп Яшар мен Абдул-Қаһар Чобан екені жарияланды.

Ішкі істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде ішкі қауіпсіздік операциялары аясында 20 маусым сенбі күні Битлистің Татван ауданы ауылдық аймағына Қалалық жандармерия қолбасшылығына қарасты Жандармерия арнайы жасақтары тарапынан операция жасалғаны еске салынды.

Мәлімдемеде «Әуеден қолдау берілген операция барысында залалсыздандырылған 2 террористтің террор тізімінде басына 500 мың лира сыйақы тігілген және өзін Гарзан уәлаяты жауаптысы деп атаған «Дерсим Чектар» лақапты Реджеп Яшар мен «Чектар Жанпида» лақапты Абдул-Қаһар Чобан екені анықталды» делінді.



Ұқсас жаңалықтар