Түрік әскері Хафтанинде

Солтүстік Ирактағы террористтердің індеріне құрлық операциясы басталды.

1437368
Түрік әскері Хафтанинде

Түрік әскері Хафтанинде.

Солтүстік Ирактағы террористтердің індеріне бағытталған құрлық операциясы басталды.

Ұлттық Қорғаныс министрлігі террор нысаналарына бағытталған операцияны «Пенче-Каплан операциясы басталды. Батыр арнайы жасақтарымыз Хафтанинде» деп жариялады.

Мәлімдемеде «Әуе күштері ATAK тікұшақтары, пилотсыз ұшақтар және арнайы жасақтарымыз әуеден операциясымен аймаққа аттанды» делінді.

Ирактың солтүстігінде қоныстанған және Түркияға ондаған жылдан бері қауіп төндірген PKK-ны нысанаға алған "Пенче-Картал" әуе операциясы алдынғы күні түнде басталған еді.

Министрлік операцияның қауіпсіздік бөлімшелері мен әскери базаларға бағытталған террор шабуылдары артқан соң PKK мен басқа террорлық топтарға қарсы халықаралық заңдарға сәйкес заңды қорғаныс құқығы аясында басталғанын мәлімдеді.

«Пенче-Картал» операцясының дәл артынан жүзеге асқан «Пенче-Каплан» операциясы барысында арнайы жасақтар Хафтанинде террористтердің індеріне кіре бастады. Ауқымды жоспарланған операцияның кейбір егжей-тегжейі де назар аударды.

Операция барысында алдымен барлық террор нысаналары атқылана бастады. Отандық өндіріс «Фортуна» атты гаубицалар және көп тұмсықты зымырандар қолданылған операцияда қазірге дейін 150-ден астам нысана толығымен жойылды.

Басқа жағынан Ұлттық Қорғаныс министрігі тарапынан жасалған соңғы мәлімдемеде «Әуе күштері қолбасшылығымыз кеше кешкі уақытта басталған «Пенче-Каплан» операциясы аясында Хафтанин аймағындағы террор нысаналарын дәлдеп терористтердің індерін жермен-жексен қылды» делінді.



Ұқсас жаңалықтар