Терромен күресу табандылықпен жалғасады

Шентоп "Аймағымызда бейбітшіліктің орнығуы өте маңызды. Біз терромен күресуімізді табандылықпен жалғастырамыз" деді.

1437697
Терромен күресу табандылықпен жалғасады

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Мұстафа Шентоп Түркияның аймағында бейбітшіліктің орнығуы үшін террормен күресудің өте маңызды екенін, сондай-ақ террормен күресудің табандылықпен жалғасатынын білдірді. 

Мұстафа Шентоп твиттер арқылы  мәлімдеме жасады. Шентоп мәлімдемесінде Түркиядан Ирактың солтүстігіндегі Хафтанин аймағына ұйымдастырылған "Пенче-Каплан операциясына" тоқталды.

Шентоп "Аймағымызда бейбітшіліктің орнығуы өте маңызды. Біз терромен күресуімізді табандылықпен жалғастырамыз. Алла-Тағала шекарамыздың тыныштығы және ұлтымыздың амандығы үшін күрескен батыр әскерлерімізді қорғасын" деген сөздер қолданды. 

 



Ұқсас жаңалықтар