Афринде 7 террорист ұсталды

«Зәйтүн бұтағы» аймағында 11 бомбалы шабуыл жасаған террористтер ұсталды.

1437171
Афринде 7 террорист ұсталды

Көлік  өртеу және 11 бомбалы шабуыл жасаған YPG/PKK-лық 7 террорист Сирияның Африн аймағында 2 үйге жасалған операциямен ұсталды.

Хатай губернаторлығы мәлімдемесінде Африн координациялық полиция дирекциясы тарапынан «Зәйтүн бұтағы» операциялық аймағында жүргізілген барлау жұмыстары нәтижесінде 2 бөлек үйге операция жасалғаны білдірілді.

Операцияда YPG/PKK-лық 7 террористтің ұсталғаны атап көрсетілді. Мәлімдеме «3 көлікті өртеу және 11 бомбалы шабуыл жасаған 7 террорист Африндегі 2 бөлек үйдеге жасалған операция барысында ұсталды. Сондай-ақ үйдегі іздестіру жұмыстарында бомба жасауда қолданылған тұтандырғыш, 25 килограмм TNT (Тринитротолуол), 8 электр тетігі мен арнайы ұсақталған металь шегелер табылды» делінді.



Ұқсас жаңалықтар